24 ақпанда №4 көпшілік кітапхана қызметкерлері Бүкіләлемдік кітап күніне арналған «Оқиғалар желкенін көтеру!» атты викторина өткізді. Мақсаты: оқырмандарға кітаптар туралы айту, әдебиетке және оқуға деген сүйіспеншілікті дамыту.
Жүргізуші-кітапханашы Кусанова Бақтылы Көшербайқызы оқушыларға кітаптың рөлі, оның біздің өміріміздегі маңызы туралы айтып берді. Содан кейін викторина ойнауды ұсынды.
Викторинаға қатысушылар екі топқа бөлінді: 1) кітап сүйетіндер, 2) кітапқұмарлар.
Викторинада балалар бірлесіп, қызықты сұрақтарға белсенді жауап берді. Кітапханашылар оқушылар арасында ең белсенді және қызығушылық танытатын оқырмандарды анықтағысы келді. Балалар «Білім көзі — кітапта» ойыны бойынша сұрақтарға жауап берді.
Содан кейін «Ойлан, тап» суретін пайдаланып сөздерді табу ойыны өтті. Кітаптың шығу тарихы туралы сауалнама жүргіздік. Екі топ белсенді қатысып, өз білімдерін көрсетті. Барлық қатысушылар белсенді қатысты.
Әрі қарай бағдарламада: оқушылар сүйікті ақындарының өлеңдерін оқып, кітапхана қорындағы кітап көрмесімен танысты және естелікке суретке түсті.
Іс-шараға қатысқан Қ. Бекхожин атындағы орта мектептің 5 «А» сынып оқушылары. Қатысқандар — 17 адам.