03.08.2022 ж. Орталық қалалық кітапхананың О.Сүлейменов атындағы оқу залында «Кешкі кітапхана» жобасы аясында «Өнер – таусылмас азық» атты шеберлік сынып өтті.
Шеберлік сыныпты Ленин кентінің Жаяу Мұса атындағы мәдениет сарайының «Алтын оймақ» үйірмесінің және №33 орта мектептің «Сырғалым» клубының жетекшісі, «Нұр-Ана Әлемі» қоғамының мүшесі, қолөнер шебері, қазақтың салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын насихаттаушы Сұңғатова Ғалия Балтабаевна көрсетті.
Қазақтың ұлттық бас киімін насихаттауға арналған шарада қазақи нақыштағы тақияны қалай қиюды, оны тігуді және қалай әшекейлермен безендіру керек екендігін насихаттап берді.