«Өнер құдіреті — мәңгілік»

24 мамыр күні Орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің көпшілік кітапханаларының ұйымдастыруымен, Мәдениет және өнер қызметкерлері күніне орай «Ашық аспан астындағы кітапхана» жобасы  аясында «Өнер құдіреті — мәңгілік» атты  фестиваль болып өтті.
Фестивальға қатысушылар өнерлерін көрсетіп белсенділік танытты. Шараға өлкетанушы Татьяна Михайловна Панина, «Сағым жылдар» әжелер ансамбілі, «Замандастар» клубы, Р. Бағланова атындағы мәдениет үйінің «Достық» ардагерлер хоры, Естай атындағы мәдениет сарайының «Иртышские жемчужины» би тобы, технологиялық және музыкалық колледж  студенттері, №18, 41 және музыкалық мектептің оқушылары, №54 балабақша тәрбиеленушілері, №4 шағын ауданының  зейнеткерлері қатысты.

 

Комментарии запрещены.