23 қыркүйекте Павлодар ауылының көпшілік кітапханада қазақ жазушысы, драматург және қоғам қайраткері С.Санбаевтың 85 жылдығына арналған «Өмірі өнермен өрнектелген …» атты әдеби сағат өтті. Шара жергілікті тұрғындарды есімі қазақ әдебиетінің ажырамас бөлігіне айналған көрнекті қаламгердің шығармашылығы мен өмір жолымен таныстыру мақсатында ұйымдастырылды. Шараға жергілікті мектептердің оқушылары, әдеби үйірме мүшелері, сондай-ақ Серік Санбаев шығармашылығын сүйетіндер қатысты. Кітапханашылар жазушының өмірі мен шығармашылық мұрасы туралы жан-жақты баяндайтын презентация дайындады. Қонақтардың назарына оның көптеген шығармалары ұсынылды, олардың ішінде қазақ қоғамы мен салт-дәстүрінің маңызды мәселелерін қозғайтын пьесаларға, әңгімелер мен романдарға ерекше көңіл бөлінді.