«Өмір негізі – қауіпсіздік»

Отан қорғаушылар күніне орай 6 мамыр №3 көпшілік кітапханада «Өмір негізі – қауіпсіздік» атты іс-шара өткізілді. Кітапханашы мерекенің қалыптасу тарихын айтып берді. Іс-шараға полиция ардагері Мекебаев Қанат шақырылды. Ардагер оқушыларға Қазақстан армиясы туралы, Қазақстан армиясында қандай әскерлер бар екендігі туралы көптеген қызықты уақиғалар туралы мәлемет берді. Олар болашақ Отан қорғаушылар, Ұлы Отан, Ауғанстан соғысында қайтыс болған, және Отаны үшін қаза тапқан сарбаздарды бірге еске алды. «Ерлік. Құрмет. Намыс.» атты кітап көрмесінде Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің қалыптасу тарихы туралы әдебиеттер ұсынылды.

Комментарии запрещены.