№ 3 көпшілік кітапханада «Кешкі кітапхана» жобасы аясында 15 наурызда Ленин кентінің жергілікті қоғамдастық төрағасы Мекебаев Қанат Ибадуллиновичпен бірлесіп «Өлке тарихының беттерін парақтау» өлкетану сағатын өткізді. Кездесу №33 мектептің жоғары сынып оқушыларымен өтті. Іс-шара қонағы балаларға кенттің көптеген жылдар бойы жаңа деңгейге қалай көтерілгені туралы айтып, кентті абаттандыру, оның экономикалық дамуы жөніндегі мәселелер жергілікті атқарушы органдардың бақылауында екенін атап өтті. Балаларға әлеуметтік мәселелер, туған өлкенің инфрақұрылымдық жағдайы, жеке үйлерді орталық су құбырына қосу, көшелерді асфальттау және жарықтандыру, интернет сапасын жақсарту бойынша өз ұсыныстарын айтуға мүмкіндік берілді. Кездесу достық және жылы атмосферада өтті.