2023 жылдың 19 сәуірінде Павлодар ауылының көпшілік кітапханасында «Кешкі кітапхана» жобасы аясында Дүниежүзілік авторлық құқық күніне және павлодарлық ақын Жаңаталап Нұркеновты еске алу күніне орай, № 40 орта мектептің 8 және 10 сыныптарының оқушылары үшін «Не покидай меня, строка…» ақын шығармалар жинағының тұсаукесері өтті. Шараға ақынның жары Корешкова Т.С., сондай-ақ П.Васильев мұражай үйінің директоры болып ұзақ жылдар бойы қызметкен Кашина Л.С. шақырылды. Светлана Филипповнаның мұрағатынан Жаңаталап Қабиденұлының қатысуымен бейнефильмдер көрсетіліп, ақынның «Светлане» және «Каменные бабы» өлеңдеріне жазылған ән орындалды.