23 наурызда сағат 12:00-де №3 көпшілік кітапханасында көктемгі Наурыз мейрамына арналған Тазалық күні аясында «Наурыз – табиғаттың жаңаруы» атты экологиялық сағат өткізілді. Шараның мақсаты – өскелең ұрпақтың экологиялық мәдениетін қалыптастыру, табиғатқа деген құрмет пен оны қорғаудың маңыздылығын түсіндіру. Кітапхана қызметкерлері қатысушыларға Наурыз мерекесінің ежелгі дәстүрлерін таныстырып, тазалық күнінің мәнін – тек үй мен айналаны ғана емес, ой мен әрекетті де тазартып, табиғатпен үйлесімді өмір сүру қажеттігін түсіндірді. Шара барысында экология тақырыбындағы викторина ұйымдастырылып, «Тазалық – денсаулық пен үйлесім кепілі» атты кітап көрмесі ұсынылды. Экологиялық сағат кітапхананың ағартушылық жұмысының маңызды бөлігіне айналып, табиғатты аялау – халқымыздың мәдениеті мен дәстүрінің ажырамас бөлігі екенін еске салды.