Наурыз мейрамының онкүндігін тойлау аясында 16 наурыз «Отбасы» күні болып тойланады. Мереке қарсаңында кітапханамызға №27 мектептің 6-сынып оқушылары келді. Балалар кітапханамен, кітап көрмелерімен және кітапхана қорымен таныстырылды.
Мерекелік безендірілген залда оқушылар Наурыз мейрамын тойлауға арналған «Наурыз – қазақтың ұлттық мерекесі» атты іс-шараға қатысты. Кітапханашылар қонақтарды залды безендірген қазақтың тұрмыстық бұйымдарымен таныстырды: қазақтың ою-өрнекті кілемшелер, домбыра, түлкі терісі, қамша. Осының бәрі қазақтың киіз үйінің жайлылығы мен жылылық атмосферасын көрсетті. Кітап көрмесінде қазақтың салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпы туралы кітаптар қойылды. Балалар «Наурыз – көктем мерекесі» викторинасына белсене қатысып, қазақ және орыс тілдерінде Отан, отбасы, достық туралы мақал-мәтелдер оқып, қазақ ойындарын еске түсіріп, барлығы бірге «Қара жорға» биін орындады. Қазақ тілі пәнінің мұғалімі Әбілшайхова П.Ж. барлығын мерекемен құттықтап, батасын берді. Үлкен және тату-тәтті отбасы болып, балаларға тәттілер таратып мерекені атап өттік.