«Мыңдаған түстер қаласы» атты сәулетті калейдоскоп

4 шілде күні №10 қалалық кітапхананың коворкинг орталығында №24 мектептің сауықтыру лагерінің оқушылары үшін «Мыңдаған түстер қаласы» атты сәулетті калейдоскоп
болып өтті. Астана күнін , яғни іс-шара Нұр –Сұлтан қаласының туған күніне арналды. Шараны қазақ және орыс тілдерінде Н.И. Пихлик және Р. Займолда жүргізді.
Жүргізушілер1997 жыл 20 қазанда Республика Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ақмола қаласын Қазақстан Республикасының астанасы деп жариялау туралы жарлыққа қол қойғандығын, 1998 жылы 6 мамырда Елбасының жарлығымен Қазақстан Республикасының астанасы Астана қаласы болып аталғандығын және Елорданың атауы Астана болып өзгертілгенін, 1998 жылы 10 шілде де Қазақстанның жаңа Елордасы – Астананың тұсауы кесілгені туралы айта кетіп, Астана атауымен көркейіп жаңарған жас қала 2019 жылдың 23 наурызынан бастап Нұр –Сұлтан болып атауы өзгертілгенін баяндап өтті. Осы аз уақыт ішінде Астана сыртқы келбетіне ішкі сұлулығы үйлесіп, қанат жайып, сырттан келгенді де, іштен барғанды да тамсандыратын ғажайып қалаға айналды.
Қаланың көркеюіне заманауи және азиаттық колориттерді біріктіре отырып еңбегін сіңірген архитекторлар Кисе Курокава және Норман Фостерлер туралы қысқаша мәліметтер берілді. Қысқа да нұсқа пайдалы мәліметтерден кейін балалар калейдоскоптай өзгеріп құбылатын Нұр-Сұлтан қаласына вертуальды саяхат жасады.
Оқушылар қаланы «жаңа» және «ескі» деп бөліп тұрған Есіл өзенінен бастады. Арығарай астананың басты символына арналған — «Бәйтерек» монументіне тоқталып, самұрық құс мекен еткен бәйтерек ағаш туралы аңызбен танысты.
Сонымен қатар Елбасының резиденциясы – «Ақордамен», тұңғыш президент мұражайымен танысты. «Думан» ойын сауық орынындағы океанариуммен, сауда-саттық орны «Ханшатырмен» танысты.
Аспанмен таласқан, тура бір Египетте жүргендей әсер беретін келесі құрылыс – Пирамидаға, яғни бейбітшілік пен келісім сарайына тоқталдық. Виртуальды саяхатымыз Қазақстанды алақандағыдай етіп көрсететін «Атамекен» этнопаркіне барумен аяқтадық.
«Архитектура Астаны» атты бейнефильмі үлкен экран арқылы көрсетіліп, жүргізішілердің қосымша түсіндіруімен толықтырылды.
Ал С. Мусалимовтың әніне жазылған бейнеклип «Здравствуй, столица» әнімен Нұр-Сұлтан қаласына саяхаты жалғасын тапты.
Ерекше назар кітапхана қорынан ұйымдастырылған кітап көрмеге бөлінді. Шолу жасалынып кітапхана тәртібі түсіндірілді.

Комментарии запрещены.