№ 3 көпшілік кітапханада 14.01 күні сағат 12.00-де қазақтың көрнекті саяси және қоғам қайраткері, журналист, ойшыл Мұстафа Шоқайдың 135 жылдығына арналған атты жедел ақпарат үстелі өткізілді. Мақсаты: аты аңызға айналған тұлға, бостандық үшін күресуші М.Шоқайдың өмірі туралы әңгімелеу, тарихи әділеттілікті қалпына келтіру, өскелең ұрпақтың патриоттық тәрбиесіне жәрдемдесу. Әлемге әйгілі қоғам қайраткері, саясаткер М.Шоқайдың өмірі мен қызметі, оның Түркістан біртұтас мемлекетін құру идеясына қызмет етуі туралы айтылды. Мұстафа Шоқай мүше болған «Алаш» қозғалысының мақсаттары мен міндеттері, жаңа мемлекеттің құрылу тарихына толығырақ тоқталды. Қатысушылар «Мұстафа Шоқай мұрасы» атты кітап көрмесімен танысты.