«Мұхиттың ғажайыптары мен құпиялары»

15 шілде күні «Альрами» клуб үйінің «ARCUS» даму орталығының мүшелері үшін Дүниежүзілік мұхит күніне орай «Мұхиттың ғажайыптары мен құпиялары» атты экологиялық сағаты өткізілді. Іс-шара «Мұхиттағы оқиғалар» атты мультфильмді тамашалаудан басталды. Қатысушылар бұл күннің тек эколог-ғалымдар, мұхит зерттеушілері, теңізшілер, дельфинарий мен зообақ қызметкерлері үшін ғана емес, сонымен қатар су айдындарын қорғау мәселелеріне бейжай қарамайтын барлық адамдар үшін маңызды екенін білді. Сонымен қатар, олар «Мұхит туралы 20 қызықты дерек» атты бейнероликті тамашалады. Бағдарлама барысында: Дүниежүзілік мұхит туралы әңгіме; «Мұхит және тек ол ғана емес» атты жұмбақтар сайысы; «Толқиды теңіз» атты дене шынықтыру сәті; «Балықтардың құпиясы» атты викторина; «Балықтың атауын жина» атты байқау; «Мұхит әлемі» атты виртуалды викторина; «Мұхиттың шексіз кеңістігі» атты виртуалды кітап көрмесімен танысу ұйымдастырылды. Іс-шара соңында қатысушылар «Арман балық» атты мультфильмді көрді.

Комментарии запрещены.