Құрылған жылы: 2005, маусым
Байланыс телефоны: 35-66-48
Құрылымы: абонемент, оқу залы
Посмотреть на карте Павлодара
Кітапхана тарихы:
Кітапхана облыстық «Ауыл» бағдарламасы бойынша 2005 жылдың 3 маусымында ашылды. Кітапхана қоры ашылған кезінде 2 026 дана кітапты құраған, ауыл оқырмандары үшін 62 дана журналдар мен газеттер жазылып алынып тұрды. Кітапхананың үй-жайына косметикалық жөндеу жасалып, жаңа жиһаз, компьютер сатып алынды, кітапханалық «РАБИС» бағдарламасы орнатылды, ақпараттық стендтер сатып алынып, кітапхана телефон желісіне қосылды. Ауыл әкімдігі, Ардагерлер кеңесі, № 38 ОМ пен ОКЖ әкімшілігінің қатысуымен кітапхананың ашылу салтанаты болды. Кітапхананың бірінші меңгерушісі Н.В.Абузарова кітапхана қызметінің бағдарламасын әзірледі, кітапхана жанынан түрлі санаттағы оқырмандарға арналған «Мудрость», «Быть женщиной всегда загадка» клубтарын ұйымдастырды. Кітапхананың жұмыс жасаған алғашқы жылы 257 оқырман жазылды, олардың ішінде 15 жасқа дейінгі 102 бала болды.
Осылайша ауылдық жердегі кітапхана төрт жыл жұмыс жасап келеді, осы уақыт аралығында кітапхана беделі өсіп, ауыл тұрғындарыныңжылы ықыласына бөленіп үлгерді. Қазіргі таңда кітапханаға Е.В.Оспанова басшылық жасайды. Жыл сайын кітапхана жаңадан 500 оқырман келіп жазылады. 2008 жылы кітапхана Центральная көш., 5 мкенжайы бойынша үшқабатты үйден жаңа үй-жай алды. Кітапханаға жөндеу жұмыстары жасалып, қажетті жиһаздармен жабдықталған.
Мақсатты бағдарлама:
Кітапхана «Басты қамқорлық – ауылға!» мақсатты кешенді бағдарламасы бойынша жұмыс жасап келеді.
Мақсаттары: ауылды дамыту бойынша Үкімет бағдарламасын іске асыру.
Міндеттері: оқырмандардың өлкетану мен Қазақстан тарихына деген қызығушылықтарын арттыру; рухани мәдениетті жаңғырту.
Серіктестері: Мойылды кентінің әкімдігі; Ардагерлер кеңесі; № 38 орта мектеп педагогтары.
Міндеттері: ауыл зейнеткерлерінің бос уақытын ұйымдастыру