26 қаңтарда № 3 көпшілік кітапханада «Кешкі кітапхана» жобасы аясында зейнеткерлерге арналған «Менің жылдарым, менің байлығым» демалыс кеші өтті. Іс-шараның мақсаты: зейнеткерлерге бос уақытты таңдауға көмектесу, демалудың мүмкін нұсқалары туралы айту, бір-бірімен достық қарым-қатынас орнатуға үйрету, жаңа таланттар мен мүмкіндіктерді ашу. Іс-шараға қатысушыларға «Әуенді тап», «Көңілді сұрақтар сағаты» және викториналар сияқты түрлі байқаулар ұсынылды. Кітапханашылар «Даналық жасы» кітап көрмесіне шолу жасап, қатысушылардың назарына халықтық медицина және үй шаруашылығы туралы әдебиеттерді ұсынды. Қарым-қатынас тәтті дастархан басында жалғасты: жас кездерін, өмірлеріндегі күлкілі оқиғаларды еске алды, немерелерін тәрбиелеу туралы әңгімелесті, дәмді тағамдардың рецептерімен бөлісті, ән айтты. Іс-шараның атмосферасы ешкімді бей-жай қалдырмады. Барлығы жағымды эмоциялар алды, проблемаларды ұмытып, жанымен демалды.