Халықаралық отбасы күніне орай отбасы туралы түсіндіру, отбасылық құндылықтарды сақтау мақсактында 14 мамыр күні М. Жаманбалинов атындағы орталық балалар кітапханасының қызметкерлері Малайсары батыр атындағы ЖОББМ-нің 4 сынып оқушыларына «Менің отбасы – менің байлығым» атты танымдық сағатын өткізді. Жүргізуші балаларға отбасының адам өміріндегі рөлін түсіндірді. Сүйіспеншілікке толы отбасы — бақытты өмір сүрудің сенімді негізі. Отбасы күні адам үшін ең құнды байлық – бұл туыстары мен жақындары екенін еске салады. Іс-шара барысында балалар екі топқа бөлініп түрлі сайыстарға қатысты. Бағдарламада: «Ашық микрофон» сұрақтарға жауап беру. Отбасы туралы мақал-мәтелдер сайысы, Отбасына арналған жұмбақтар шешу, «Бақытты отбасы» тақырыбында суреттер салу, логикалық сұрақтарға жауап беру, «Кім жүйрік!» «Кім епті!», «Отбасы» сөзжұмбақ шешу ойын-сайыстары өткізіліп, шара соңында «Менің отбасым», «Менің отбасым – менің мақтанышым!» бейнебаяндары көрсетілді. Оқушылар Тілек ағашына өздерінің тілектерін жазып, іліп, ойынға белсене қатысты.