2018 жылғы 13 желтоқсан №43 орта мектептің 3 сынып оқушылары үшін № 4 балалар кітапханасының мерекелік безендірілген оқу залында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған «Менің Отаным — Қазақстан Республикасы» атты әдеби сағат өтті.
Іс — шара басында кітапханашылар балалар мен мұғалімдерді Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік мерекесімен құттықтады. Барлық қатысқандар Қазақстан Республикасының әнұраның шырқады. 27 жыл бұрын Қазақстан өзінің тарихында жаңа кезеңді ашып, күш-жігерін салғанын және оны дамытуда үлкен жетістіктерге жеткенін кітапханашы Мухутдинова қысқаша баяндады. Балалар үшін «Тәуелсіздігіміздің есте қаларлық беті» бейнеклипі көрсетілді. Оқушылардың көргендерінің негізінде «Қазақстан Тәуелсіздіктің 27 жылы» әңгімесі өтті, онда оқушылар біздің мемлекетіміздің қалыптасу тарихындағы ең маңызды сәттері туралы пікірлерін білдірді. Балалар «Сөзді аяқта» ойынына белсене қатысты. Ежелгі қазақ әдет-ғұрыптық қонақжайлылық туралы аңызды тыңдап болған соң, балалар «Қазақстан өткен және бүгінгі» викторинасының сұрақтарына белсенді жауап берді. Оқушылар Отан туралы өлеңдерін оқып, сүйікті қазақ ертегілерін еске алды. «Қазақстан — біздің ортақ үйіміз» кітап көрмесіне сәйкес, баяндамашы шолу жасап, «жаңалықтар» кітабын, еліміздің тарихы мен мәдениеті туралы кітаптарды ұсынды. Іс-шара ескі қазақ әдет-ғұрыпымен — шашумен аяқталды.