5 шілде күні М. Жаманбалинов атындағы орталық балалар кітапханасы «Ашық аспан астындағы кітапхана» жобасы аясында N27, 28, 15 орта мектептердің мектеп жанындағы лагерь оқушылары мен «Альрами» клуб үйінің мүшелері үшін Астана күні мерекесіне арналған «Мен сенімен мақтанамын, Астана!» атты поэзия сағатын өткізді. Іс-шара Орталық қалалық кітапхананың қабырғасында өтіп, онда павлодарлықтардың назарына «Мен сенімен мақтанамын, менің Астанам!» атты кітап көрмесі және Павлодар қаласының №1 көркемсурет мектебі оқушыларының сурет көрмесі ұсынылды.
Павлодар облысының Құрметті азаматы, спорт ардагері Амантай Сапарғалиұлы Аймағамбетов, Ә.Марғұлан атындағы ППУ Е. Бекмаханов атындағы ғылыми кітапханасының директоры, қоғам қайраткері Роза Ержанқызы Игебаева осы мереке күнгі іс-шараның қонақтары болды.
Қонақтар балаларды — Астана күні мерекесімен құттықтап, Отанымыздың нағыз патриоты болуға, жақсы оқып, Отан игілігі үшін еңбек етуге тілек білдірді. Мерекелік бағдарламаны Қазақстан Республикасы Жазушылар одағының мүшесі Айбек Оралхан, жас оқырман Мансұр Амалиев, мәдениет саласының үздігі Н Сарқамбаев, Журналистер одағының мүшесі, ақын Людмила Николаевна Бевз, Павлодарлық бард Александр мен Лариса Казаковтар, «Шаңырақ» шығармашылық орталығының Майра мектебінің оқушылары, «Естай» МКҚК жастар бөлімінің көркемдік жетекшісі Жанна Манатқызы Баженова мен «Домовята» театр шеберлері жалғастырды.
Сайыс-ойын бөлімінде жиналғандар үшін «Өзің тұратын жер туралы не білесің?» сұрақ-жауап ойыны өткізілді. Ал ең белсенді қатысушылар шағын сыйлықтарға ие болды. Іс-шара естелік суретке түсумен аяқталды.