«Мен қазақша сөйлеймін»

Құрметті Павлодар қаласының тұрғындары!

Қазақстан Республикасының  тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай этнос өкілдері арасында өткізілетін «Мен қазақша сөйлеймін» акциясына қатысуға шақырамыз.

 

Акцияға қатысатын үміткер (этнос өкілі) өзі таңдаған ақынның туған жер, ел туралы өлеңдерінің біреуін мәнерлеп жатқа оқып (ұзақтығы 2 минуттан аспауы тиіс), ұсынылған әлеуметтік желіде #менқазақшасөйлеймін2021 хэштегімен кеңінен таратуы тиіс

Жарияланымда жыр оқыған тұлғаның аты-жөні, тегі, ұлты, оқу немесе жұмыс орны, ұсынып отырған қала немесе облыс атауы міндетті түрде толық көрсетілуі қажет.

 

  1. Акция жеңімпаздарын анықтау үшін құрамы кемінде бес адамнан тұратын қазылар алқасы құрылады. Қазылар алқасының шешімі хаттама түрінде ресімделеді.
  2. Акция жеңімпаздары көрсетілген әлеуметтік желілердегі «лүпіл» (лайк) саны бойынша анықталады.
  3. Жеңімпаздарды марапаттау 2021 жылдың 15 қазанында онлайн режимде өткізіледі. Акция жеңімпаздары арнайы дипломдармен және бекітілген сыйлық қорымен марапатталады.

Комментарии запрещены.