17 қаңтар № 21 ЖОБМ 5 «А» сыныптың 18 оқушыларына «Мен осы өлкеде тұрамын және өз өлкемді білемін» өлкетану сұрақ-жауабы өткізілді. Мақсаты: Павлодар қаласының тарихымен таныстыру, туған өлке туралы білімдерін кеңейту.
Жүргізуші №3 балалар кітапханасының кітапханашысы Калиева Динара Амангельдиновна балалрды Павлодар қаласының тарихымен, көрікті жерлерімен, атақты адамдарымен таныстырды.
Туған жер – ол туып-өскен, мекен еткен үй, ол орман, жазық дала, бізді қоршаған орта. Көбінесе, бұндай жерді шағын отан деп айтады. Әр адамның өз шағын отаны бар. Көп адамдардың біріне – ол біздің Павлодар қаласы. Ары қарай бәрі «Мен осы өлкеде тұрамын және өз өлкемді білемін» атты өлкетану сұрақ-жауабына қатысты. Балалар «Сарыарқа самалы » газетінің шығу тарихымен танысты. Мемлекеттік тілде жарияланатын Павлодар облыстық газеті «Сарыарқа самалы» 1929 жылы 15 ақпанда жарық көрген. Осы жылы 90 жылдығы аталып өтілуде. Іс – шарада «Менің туған өлкем» атты слайд-презентациясы көрсетілді.
Шара соңында «Махаббатпен Павлодар өлкесіне » атты кітап көрмесіне шолу жасалды. Шара балаларға ұнады.