5 қыркүйекте № 93 балабақшаның музыка залында жоғарғы және дайындық топтарының балаларына, Қазақстан халықтарының тілі күніне орай «Мемлекеттік тіл –достық белгісі» атты ақпарат сағатын № 17 көпшілік кітапхананың қызметкерлері өткізді.
Кітапхана жүргізушілері Айнагүл Хайсина және Айтжамал Кабылденова балаларға атаулы күннің маңыздылығы жайлы айтып берді. Қазақстанда 130-дан аса ұлттың өкілдері өзара келісіммен және достықта қалыптасуда. Еліміздегі тұрақтылықтың, бейбіт өмірдің кепілдігі – Елбасының дұрыс саясаты. Қазақстандағы кез келген ұлт өз жұртының тарихын, салт-дәстүрін, тілін дәріптеуде. Осындай достықтын аясында мемлекеттік тілдің орны зор, мәртебесі биік екендігін ұмытпау және Қазақстанның әр азаматының мемлекеттік тілді меңгеріп, білуі парыз екенін айтып өтті.
Іс-шара барысында балалар интеллектуалдық ойындардарға қатысып, викторина сұрақтарына жауап берді. Мысалы: «Әр тілде сәлемдесу», «Ана тілінде өлең оқу». Кейін достық туралы «Крошка енот» атты мультфильм көрсетілді.
Шара сонында кітапханашы «Мемлекеттік тіл –достық белгісі» атты кітап көрмесінің шолуын өткізді. Қатысқандардын саны 60 адам.