«Мемлекеттік рәміздер – ұлттық мақтаныш»

3 маусым күні №3 көпшілік кітапханасында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күніне арналған «Мемлекеттік рәміздер – ұлттық мақтаныш» атты патриоттық викторина өткізілді. Іс-шараның мақсаты – патриоттық сезімді қалыптастыру, мемлекеттік рәміздерге құрметпен қарауға тәрбиелеу, Елтаңба және Әнұран туралы білімдерін кеңейту. Викторинаға №33 мектептің орта буын оқушылары мен кітапхананың тұрақты оқырмандары қатысты. Кітапханашылар мемлекеттік рәміздердің қабылдану тарихы, олардың мағынасы мен авторлары туралы айтып берді. Ту, Елтаңба және Әнұран мәтінінің ерекше назар аударылды. Викторина бірнеше кезеңнен тұрды: «Рәмізді тап» – қатысушылар сипаттама бойынша қандай рәміз туралы айтылғанын анықтады; «Тарихи калейдоскоп» – рәміздердің қабылдануына қатысты даталар бойынша сұрақтар қойылды; «Шығармашылық тур» – балалар рәміздер туралы қысқа өлеңдер немесе ұрандар құрастырды. Қатысушылар белсенділік танытып, сұрақтарға қызығушылықпен жауап беріп, өз білімдерін жақсы деңгейде көрсетті.

Комментарии запрещены.