«Мейірімділік және құрмет күні» атты іс-шара

Қазанның 5 күні №4 балалар кітапханасының әдемі безендірілген оқу залында Қарттар күніне арнап «Мейірімділік және құрмет күні» атты іс-шара өтті. Шараның қонақтары ардагер-әріптестер болды.

Шараны «Мои года, мое богатство» әнімен ашылды. Жүргізуші-кітапханашы Ботагөз Кабдысалыковна Кенжегалиева және Наталья Константиновна Мухутдинова қонақтарды мерекемен құттықтап, бағдарламаны жалғастырды. Іс-шараға  арналып  «Қоныр күз» атты кітап көрмесі безендірілді.

Әлемде Қарттар күні 1990 жылдан бастап тойланады. Халықаралық Қарттар күні деп есептеледі. Мерекенің мақсаты: қарт адамдардың келелі мәселелеріне назар аудару, қарт адамдарға қамқорлық көңіл аудару.

Біздің мейірімді , сүйікті қонақтарымызға №43 және №34 мектеп оқушылары: Рыспаева Адина, Королева Саша, Жук Мария, Яцкая Вика, Тронина Вика құттықтауларын дайындады. Олар ата, әже, мереке туралы өлеңдерін оқыды. 5 сынып оқушысы Рыспаева Адина «Нар агач» күйін орындады. Ал Жук Мария мен Королева Саша «Классная компания» әнін шырқады.

Біздің қонақтарымыз да «Передай-ка» ойынына қатысып, өлең мен ән айту шеберлігін көрсетті. Ән әуенімен шеңбер ішінде орамалды бір біріне беріп жатқанда, ән тоқтатылады. Сол уақытта орамал кімнің қолында қалады, сол кісі өнерін көрсетеді. Біздің ардагерлеріміз «Әнді тап», «Жеуге жарайтын-жарамайтын», «Аудару», «Жұмбақты шеш» атты сайыстарға белсене қатысты. Шара дастарқанның басында жалғаса берді. Әңгіме құрып, жастық шақтарын еске алды, құпияларын айтты, бір бірін құттықтады. Кітапханада жайлы, жылы атмосфера орнады.Қонақтар бір-бірімен мейірімді, құрметпен қарап, түсіністік білдірді. Олардың оң көзқарастарына қарап біз де жаңадан күш-қуат алдық  және алғысқа ие болдық. Шараның сонында бәріміз бірге естелік ретінде суретке түстік. 15 адам қатысты.

Комментарии запрещены.