15 мамыр күні М. Жаманбалинов атындағы Орталық балалар кітапханасында «Кешкі кітапхана» жобасы аясында Қ.Б. Даржұман Ұлттық жаңғыру мектебінің мен №27 ЖББМ оқушылары үшін қазақ журналисі, өлкетанушы, мұғалім, ақын М.К. Жаманбалиновтың туғанына 100 жыл толуына орай «Мейірімді және дана сөздер» поэзия сағаты өтті. Кітапханашы балаларды Мүбарак Кәрімұлының белсенді және дархан өмірімен таныстырып, олардың назарына «Мүбарак Жаманбалинов» бейнеролигі мен ақынның өлеңдеріне жазылған «Әйгілі аудан -Ертісім» әндерін ұсынды. Іс – шараның қонағы — Павел Васильев мұражай үйінің бас сақтаушысы Т.С. Корешкова Мүбарак Жаманбалиновтың өлеңдерін аударған павлодарлық ақындар туралы айтып берді. Іс — шарада Қ. Даржұман атындағы ҰЖМ оқушыларымен дайындалған ақынның «Қартаю», «Менің көзім түймедей», «Тоқылдақ-дәрігер», «Суықторғай», «Сурет», «Ақымақ аю» және т.б. әндері шырқалды және «Ашық күн», «Шуақты күн», «Жауқазын» жинақтарынан екі тілде өлеңдер оқылды. Іс-шара соңында оқушылар музыкалық әндер орындады және «М. Жаманбалиновтың 100 жылдығына» виртуалды көрмесімен танысты.