Қайырымдылық күніне орай ұйымдастырылған «Мейірімді көзқарас» қайырымдылық дастарханында бауырсақ таратылып, қатысушыларға жылы лебіздер айтылды. Бұл шарада мейірімділік, достық және бірлік сезімі ерекше сезілді. Сонымен қатар, көңілді атмосфера үшін арнайы ойын ойнатылып, қатысушыларға қуаныш сыйланды. Барлығы бірге жаңа жылды қуанышпен қарсы алып, ізгі тілектермен бір-біріне қолдау көрсетті.