27 ақпан күні Орталық балалар кітапханасында кәсіптік бағдар беру мақсатында № 5 ЖОМ 9-сынып оқушыларына арналып «Мамандық фестивалі» атты танымдық сағаты өтті.
Шара басында жүргізушілер О.А. Самчук пен Ж.П. Дүйсенбаева шара қонақтары: дәріхана меңгерушісі, фармацевт Асмус Галина Алексеевна, журналист Чистякова Светлана Ивановна, зергер Подгайный Вадим Владимирович және ветеринар Анна Михайловна Щёлоковамен таныстырып, мамандықтар, мамандық таңдау жайлы айтып өтті.
Мамандық таңдау жасөспірім шақтағы ең маңызды шешімдердің бірі. Үлкен өмірге енді ғана аяқ басқан жас ұланның алдында мыңдаған мамандықтан өзіне лайықты біреуін таңдау міндеті тұрады. Әлемде 50 мыңға жуық әр түрлі мамандықтар бар және жыл сайын оған 500- ге тарта жаңа түрі қосылып отырады екен. Осы көп салалы мамандықтар арасынан таңдау жасау керек. Олардың ішінен өзімізге қажеттісін қалай таңдауға болады? Біз олардың қаншасы туралы білеміз? Мамандық таңдауда нені бағдар ретінде алуға болады? «Мектеп бітіргеннен кейін кім боласың?» деген және т.б сұрақтарға бүгінгі біздің шарамызда балалар жауап алды. Әр адам өзі өмірден орнын тауып, өзінің қалауымен бір мамандық таңдап, сол мамандық иесі болу керек.
Шара барысында қонақтарға сөз берілді, «Менің мамандығым – менің болашағым» атты ұйымдастырылған кітап көрмесіне шолу жасалып, «Выбор профессии – выбор пути!» атты бейнебаян көрсетілді, оқушыларға кәсіптік бағыт бағдар беру мақсатында «Какую профессию выбрать?» атты жадынама таратылды.
Шараны балалар қызығушылықпен тыңдап, өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды.
Шараға 29 адам қатысты.