«Майра әуені»

21 сәуірде «Кешкі кітапхана» аясында Майра Шамсутдинованың 135 жылдығына орай № 2 орта мектеп оқушыларына «Майра әуені» өнер сағаты өткізілді. М. Шамсутдинова 1890 жылы Павлодарда дүниеге келген. Тума талант, арнайы музыкалық білімі болмаса да, ол 13 жасынан бастап тамаша ән айтып, әндерін «Тольянка» сырнаймен шебер сүйемелдеді. Ол сол кездегі көптеген танымал адамдармен таныс болды:Әміре Қашаубаев, Иса Байзақов, Қажымұқан Мұнайтпасовпен т.б. 1926 ж.Майра этнограф-музыкант, қазақ әндерін жинаушы А. В. Затаевичпен танысады. Затаевич Майраның орындауында әндерді нотаға жазып, «Қазақ халқының 1000 әні» жинағына енгізген. Павлодарда Майраның құрметіне 2001 ж. қаңтар айында мұражай-үйі ашылып, ескерткіш орнатылды, көшеге Майраның есімі берілді. Оқушылар «Майра», «Бақша» және т.б. әндерін тыңдап, викторинаға қатысты. Кітап көрмесіндегі кітаптарды, «Майра» бейнефильмін тамашалады.

Комментарии запрещены.