«Мәдениет және сұлулық сақтаушылары»

Мәдениет және өнер қызметкерлері күні қарсаңында кітапханада «Мәдениет және сұлулық сақтаушылары» атты іс-шара өтті. Шара қонақтары Н.Нұрмұхамедов атындағы Павлодар өнер мұражайының қызметкерлері, экскурсия жетекшісі Д.Е. Қайдар мен көрме бөлімінің маманы М.С.Уалиева жиналғандарды мұражай жұмысымен, суретші Н.Нұрмұхаммедовтың өмірбаянымен таныстырып, Павлодар Ертіс өңірінің суретшілері туралы әңгімеледі. Балалар назарына павлодарлық суретшілердің үш картинасы ұсынылды: «Нежность» (Ловина О.), «Наурыз көже» (Қисамиденова А.И.), «Дастархан» (Әбішева С.И.). Суреттер натюрморт және пейзаж жанрында орындалды. Суреттер туралы әңгімеге Ақпараттық технологиялар колледжінің студенттері суреттер туралы әңгімеге қатысты. Кітапхана оқырмандары музыкалық құттықтаулар жасады: Вера Головчук (8-сынып, Байтұрсынов атындағы ОМ) домбырада «Ерке сылқым» күйін орындаса, Алтын Құдасова (3-сынып, музыкалық дарынды балаларға арналған музыка мектебі) «Жаңа құыршақ» әуенін флейтада орындады Кітапханашылар әріптестеріне денсаулық, жұмыстарына шығармашылық табыс тілеп, шараға қатысқандары үшін алғыстарын білдірді.

Комментарии запрещены.