«Лудомания-ғасырдың қасіреті»

12 ақпан күні №2 балалар кітапханасының қызметкерлері М. Әуезов атындағы орта мектебінің 7-8 сынып оқушыларына «Лудомания-ғасырдың қасіреті» атты ескерту сабағын өткізді. Лудомания, гемблинг, игромания, құмар ойын әуестігі, құмар ойыншы-мұның барлығы әлем бойынша жайылып келе жатқан дерт атауы. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы бұл ойындардың психикалық ауытқұға әкеп соқтыратынын мәлімдеп, адам денсаулығына аса қауіпті сырқат қатарына жатқызады. Ол ресми түрде алкоголизм, наркомания, токсикомания сынды дертпен пара-пар.
Оқушылар кітапханашының әңгімесін мұқият тыңдап, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2024 жылдың 8 шілде күні «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ойын бизнесі, лотерея қызметі, денсаулық сақтау, мемлекеттік еңбек инспекциясы, мемлекеттік бақылау және артық заңнамалық регламенттеуді болғызбау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар еңгізу туралы» ҚР Заңына қол қойғанын, «Қазақстан Республикасында заңсыз ойын бизнесі мен лудоманияға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2024-2026 жылдарға арналған кешенді жоспар» құрылғанын балалар естіді. Соңында деректі фильмді тамашалады. Барлығы 100 оқушы қатысты.

 

Комментарии запрещены.