22 маусымда Ленин кентіндегі Жаяу Мұса атындағы Мәдениет үйінде орналасқан №3 көпшілік және №5 балалар кітапханалары базасында коворкинг-орталық ашылды. Ашудағы мақсат: 1) қарым-қатынас жасау мен білім алу үшін эстетикалық жағынан тартымды, қолайлы әрі көп функциялы кеністік, қызықты әрі креативтік іс-шаралар, кездесулер, семинарлар, тренингтер, мастер-сыныптар өткізу үшін орын ашу; 2) халықтың әр түрлі топтарына жаңа қызмет көрсетуді, Интернетке, электронды ресурстарға қол жеткізу үшін ашық кеңістік ұсыну.
Бюджеттен 4 505,0 мың тенге бөлінді. Мыналар сатып алынды: 3 компьютер, телевизор, принтер, стеллаждар, шкафтар, фотокамера, диван, креслолар жұмсақ орындықтар.
Павлодар қаласының әкімі Нұржан Кемерұлы Әшімбетов құрметті қонақ болды. Коворкинг-орталықтың ашылуына Күнсұлу Жарылғапқызы Қалиева бастаған Павлодар қаласының орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің қызметкерлері қатысты. №31 мектептің директоры Бақыт Жұмашқызы Омарова, «Камкор» оңалту орталығының директоры Салтанат Закарьяновна Сәрсембаева кітапханада жаңа бөлімнің ашылуымен құттықтады. «Ертіс» телеарнасы орталықтың ашылуынан сюжет берді.