«Аналарға арналған әндер»

10 мамыр күні «Кітап көмекке асығады» жобасы аясында М.Жаманбалинов атындағы балалар кітапханасында «Альрами» клуб үйінің «ARCUS» даму орталығының мүшелері үшін «Аналарға арналған әндер» әдеби-сазды сағаты өткізілді. Іс-шараның тақырыбы-Қазақстанда ресми түрде 2012 жылдан бастап 8 наурыз әйелдер мерекесінен бөлек атап өтілетін «Аналар күні» жаңа…

Толығырақ

«Аталар жолымен, ағалар ізімен»

10 мамыр Павлодар ауылының көпшілік кітапханасында поэт-сатирик С. Дөнентаевтың 130 жыл толуына орай «Аталар жолымен, ағалар ізімен» әдеби альманах өтті. Шара барысында жас оқырмандарға жерлес ақынымыздың өмірбаяны және шығармашылығы жайлы қысқаша айтылып, оқушылар ақынның «Бозторғай», «Қазақтарға қарап», «Ауырған арыстан» және басқа өлеңдерін оқыды.

Толығырақ

«Отан қорғаушылар»

Отан қорғаушылар күні қарсаңында 5 сынып оқушыларына «Отан қорғаушылар» патриоттық сағаты өткізілді. Шара Қазақстан Республикасының әнұранын орындаумен басталды. Жүргізуші-кітапханашылар балаларды келе жатқан мерекемен құттықтады, мерекенің тарихы туралы, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері туралы әңгімеледі. Болашақ Отан қорғаушылар «Мергендер», «Барлаушылар», «Байланысшы», «Аспаз», «Стратег» т.б сайыстарға…

Толығырақ

«Өмір негізі – қауіпсіздік»

Отан қорғаушылар күніне орай 6 мамыр №3 көпшілік кітапханада «Өмір негізі – қауіпсіздік» атты іс-шара өткізілді. Кітапханашы мерекенің қалыптасу тарихын айтып берді. Іс-шараға полиция ардагері Мекебаев Қанат шақырылды. Ардагер оқушыларға Қазақстан армиясы туралы, Қазақстан армиясында қандай әскерлер бар екендігі туралы көптеген қызықты уақиғалар…

Толығырақ

«Әскер – тәуелсіздік қорғаны»

03.05.2024 ж. Орталық қалалық кітапханасында 7 мамыр – Отан қорғаушылар күніне орай «Әскер-тәуелсіздіктің қорғаны» атты ерлік кеші өтті. Ерлік кешіне Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының Павлодар облыстық филиалының төрағасы, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, ардагер журналист С. Айтенұлы,  Павлодар қаласының қорғаныс істері жөніндегі басқармасы тобының…

Толығырақ

«Ер елінің қорғаны»

3 мамыр күні М. Жаманбалинов атындағы Орталық балалар кітапханасының қызметкерлері № 27 ЖББМ 4-5 сынып оқушыларына Отан қорғаушылар күніне арналған «Ер елінің қорғаны» ерлік сабағын өткізді. Іс-шара ҚР әнұранын орындаумен басталды. Кітапханашы қонақтарға өткен күндердегідей, біздің қазақстандық Армия өзінің жауынгерлерімен танымал екенін айтты.…

Толығырақ