«Зобалаң жылдар жаңғырығы»

30 мамыр күні — Кенжекөл ауылдық көпшілік кітапханасында Қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне арналған «Зобалаң жылдар жаңғырығы» атты еске алу сағаты өтті. Кітапханашы қуғын — сүргін құрбаны болған қазақтың көрнекті тұлғалары туралы деректермен бөлісіп, бір минуттық үнсіздік жариялады. Ұйымдастырылған кітап көрмесіне шолу жасалды.

Толығырақ

«Радио дауысы»

Ақпанның 14-і күні, Кенжекөл ауылдық көпшілік кітапханасында, Бүкіләлемдік радио күніне арналған «Радио дауысы» атты әуе толқынды кеш өтті. Кеш барысында кітапханашы Радионың шығу тарихы мен сол салада қызмет еткен ұлы тұлғалар туралы мәліметпен бөлісіп, оқырмандардың назарына презентация ұсынды. Кеш қонағы, Павлодар халық радиосының…

Толығырақ

«Қазақ тарихының жаршысы — Ілияс Есенберлин”

Бүгін Кенжекөл ауылдық көпшілік кітапханасында, белгілі қазақ жазушысы Ілияс Есенберлиннің 110 жылдығына арналған “Қазақ тарихының жаршысы — Ілияс Есенберлин” атты әдеби  кеш өткізілді. Кітапханашы қаламгердің өмірбаяны мен шығармашылығы туралы ақпаратпен бөлісті. Оқырмандар жазушының тарихи романдарымен, кітаптарымен танысты.  

Толығырақ

«Балалар әдебиетінің кемеңгері — Бердібек Соқпақбаев»

«Бір ел – бір кітап» акциясы аясында 17 қазанда Кенжекөл ауылдық көпшілік кітапханасында, Бердібек Соқпақбаевтың 100 жылдығына арналған «Балалар әдебиетінің кемеңгері — Бердібек Соқпақбаев» атты поэзия сағаты өткізілді. Іс-шарада кітапханашы жазушының өмірі мен шығармалары туралы ақпаратпен бөлісті. Оқырмандар кітап көрмесімен танысып, жазушының өлеңдерін…

Толығырақ

«Сәкен — жырдың сарқылмас дариясы»

«Сәкен — жырдың сарқылмас дариясы» әдеби кеш. Бүгін Кенжекөл ауылдық көпшілік кітапханасында, қазақтың атақты ақыны, жалынды жазушысы, дарынды драматург, білікті ұстаз, мемлекеттік қайраткері С.Сейфулиннің 130 жылдығына арналған әдеби кеш өткізілді. Іс-шарада кітапханашы жазушының өмірі мен шығармашылығына тоқталып, оқушылар өлеңдерін оқыды. Кеш соңында ақынның…

Толығырақ

“Балалар әдебиетінің бәйтерегі — Мүбәрак Жаманбалинов”

“Балалар әдебиетінің бәйтерегі — Мүбәрак Жаманбалинов” әдеби кеш. Кенжекөл ауылдық көпшілік кітапханасы Мүбәрак Жаманбалиновтың 100жылдығына арнап әдеби кеш өткізді. Кеште М.Жаманбалиновтың өмірі мен шығармашылығы туралы баяндалып,көрермен назарына видео ролик ұсынылды. Сахна төрінде Увалияахмет Айнелхаят пен Кенжекөл балалар музыка мектебінің ұстаздары күй орындады. Кенжекөл…

Толығырақ