Ертегі негізіндегі танымдық ойындар

Наурыздың 28 күні №4 балалар кітапханасының әдемі безендірілген оқу залында «Балалар кітабы және музыкасы апталығы» аясында №24 балабақшаның даярлық топ балаларына «Ш. Перроның ертегілері» атты әдеби ойын өткізілді. Мерекеге қонақ ретінде қалалық кітапханалар жүйесінің әдіскері Асылханова Гүлнар Рамазанқызы шақырылды. Кітапханашы Кенжегалиева Б. К. балаларды апталыққа арналған мерекемен құттықтап,…

Толығырақ

С. Михалковқа арналған ертеңгілік

Наурыздың 27 күні №4 балалар кітапханасының оқу залында «Балалар кітабы және музыкасы апталығы» аясында №82 балабақшаның даярлық топ балаларына «С. Михалковпен бірге қуанышты күн» атты ертеңгілік өткізілді. Биыл балалар жазушысы, ақын, журналист және драматург С. Михалковтың туғанына 105 жыл толады. Ертеңгілікті №43 мектептің 4 сынып оқушылары С. Михалковтың «Песеннка друзей»…

Толығырақ

Жерлес ақынға арналған әдеби шара

26 наурызда №4 балалар кітапханасының оқу залында балалар кітабы мен музыкасының апталығы аясында жерлес ақын, жазушы, аудармашы Мұзафар Әлімбаевтың туғанына 95 жыл толуына арналған әдебиет сағаты өтті. Оған №2 мектептің 3-4 сынып оқушылары шақырылды. Оқушылар кітапханаға алғаш рет келіп тұрғандықтан, алдымен кітапханаға экскурсия өткізіліп, кітаптар мен мерзімді басылымдар…

Толығырақ

«Наурыз – көктем мерекесі» атты әдеби-музыкалық сағаты

Наурыздың 16 күні №4 балалар кітапханасының әдемі безендірілген оқу залында  №2 мектептің 4 сынып оқушыларына «Наурыз – көктем мерекесі» атты әдеби-музыкалық сағат өткізілді. Оған «Ұлыстың ұлы күні – Наурыз» атты инсталяция-көрме безендірілді. Мақсаты: балаларды Наурыз мейрамы тарихымен таныстыру, өз елін мақтан тұту, өз…

Толығырақ

«Ананың күні» атты ертеңгілік

Наурыздың 6 күні Халықаралық әйелдер күнінің қарсаңында №4 балалар кітапханасының әдемі безендірілген оқу залында «Ананың күні» атты ертеңгілік өткізілді. Оған тұрақты оқырмандар мен зейнеткер кітапханашылар шақырылды. Кітапханашылар жиналғандарды 8 наурыз — көктем мерекесімен құттықтады. 1910 жылдан бастап Клара Цеткиннің бастамасымен 8 наурызда бұл мереке өткізіледі. Әйелдер өз…

Толығырақ

Ауызша журнал: ұлттық құндылықтар

26 ақпанда №4 балалар кітапханасының оқу залында «Рухани жаңғыру» мемлекеттік бағдарламасы аясында №2 мектептің 6 сынып оқушыларына халықтың дәстүріне арналған ауызша журнал өткізілді. «Ғасырлар мұрасы» атты кітап көрмесі-инсталяция безендірілді. Көрменің жанына ұлттық бұйымдар: киіз үйдің заттары, домбыра, түлкінің терісі, киіз үйдің моделі, қоржын, асықтар, т.…

Толығырақ