«Күн жарқырауы үшін»

№ 3 көпшілік кітапхананың кітапханашылары 11 шілдеде сағат 12.00-де жазғы уақытта балалар мен жасөспірімдердің белсенді оқу іс-әрекетін қалыптастыру, және бос уақытын ұйымдастыру, кітапханаға жаңа оқырмандарды тарту мақсатында  өздерінің жас оқырмандарын жазғы оқу залына шақырды. Кілемде ыңғайлы орналасқан кішкентай оқырмандар өлеңдер мен ертегілерді қуана тыңдады. Кітапханашы қонақтарға еліне саяхатқа шығуды ұсынды, әртүрлі ойындар мен «Жұмбақтар», «Ертегілер», «Ойындар», «Физикалық минут», т.б. сайыстары өткізілді. Балалар оқыған кітаптары бойынша асфальтта сурет салу байқауына қатысты.

Комментарии запрещены.