28 маусым күні №10 қалалық кітапхананың коворкинг орталығында «Рухани жаңғыру» бағдарламасының аясында Ұлттық домбыра күніне орай «Күмбірле, домбыра, күмбірле..» атты күй шашу болып өтті. Бұл шара бір күнде екі мезгілде өткізілді.
Кітапханашылар көмегімен шараны екі тілде Төлеген Аида және Текенова Камила өткізді.
Қазақтың қара домбырасының үні-күй өнері, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасқан ұлтымыздың рухани құндылығы. Қос ішектің күмбірімен шанағынан сыр ақтарған домбыра тілі — ел өнерін жаһанға танытқан асыл әуен. Қазақ тарихының өнер әлемінде тылсымнан тербеп күй төккен Құрманғазы, Дәулеткерей, Абыл, Есір, Тәттімбет, Махамбет, Дина, Сүгір, Қазанғап т.б. күй қырандарының дәстүрлі жолын ұстанған ұрпақтар, күй өнерінің дарабоздары, күйші, домбырашылар қаншама .
Алғашқы шараның қонақтары №24 ЖОМ сауықтыру лагерінің оқушылары болды.
Жүргізушілер бұл мереке былтырғы жылдан бастап шілде айының алғашқы жексенбісі арнайы мерекелік күн болып белгіленгенін, ұзақ жылғы тарихы бар ұлтымызды танытатын төл музыкалық инструментіміз жайлы мәліметтер берді. 4000 жылдық тарихы бар жеті қазынаның бірі болып табылатын Домбыра туралы қызықты мәліметтер берілді.
Балалар назарына «Күй құдыреті» атты бейнефильм ұсынылды. Бұл бейнефильмде күмбірлеген домбыра жасау үшін қандай материалдар керек екенін, оны шеберлер қалай таңдағаны жайлы, сапалы домбырадан қандай әуен тарап, жан рахатына бөленетіндігі жайлы көрсетілді.
Арығарай «Ақсақ құлан» мультфильмі назарға ұсынылып, осы аңыз жайында жазылған орыс және қазақ тілінде жазылған «Ақсақ құлан» кітабы оқушыларға таныстырылып өтті.
Домбыра туралы берілген мәліметтерден қазқ халқының болмысын, дәстүрін айшықтайтын құдыретті аспап екендіктеріне көздерін жеткізгендей болдық.
Күйшашуды домбырашыларымыз одан әрі аша бастады. Олар: Текенова Камила, Ақжан Ардагелдіқызы және халықаралық конкурстардың жеңімпазы Кеңес Жансая. Олардың орындауында танымал «Балбырауын», «Тепенкөк», «Ақсақ құлан», «Адай» күйлері орындалды. Бір апта бойы оқырмандарымызға Қадыр Мырза әлінің «Домбыра» өлеңін жатқа жаттатуға тырысқан кітапханашылар балалардың қаншалықты меңгергендігін тексерді. Барлығы бір дауыспен
«Екі ішектің бірін қатты, бірін сәл-пәл кем бұра.
Нағыз қазақ – қазақ емес,
Нағыз қақақ — Домбыра» деп аяқтады.
Домбыра туралы толғаныстарын көптеген ақын жазушыларымыздың шығармашылықтарынан білеміз. Кітапхана қорынан алынған кітаптар барысында кітап көрме ұйымдастырылып назарға ұсынылды.