2025 жылғы 8 шілде күні халық композиторы, күйші-домбырашы Тәттімбет Қазанғапұлының туғанына 210 жыл толуына орай №3 көпшілік кітапханасында «Күй сазы – заман жаршысы» атты ақпарат сағаты өткізілді. Іс-шараның мақсаты – ұлы күйшінің шығармашылық мұрасын насихаттау, жастардың қазақтың ұлттық музыкалық мәдениетіне деген қызығушылығын арттыру және дәстүрлі өнер өкілдерін ұлықтап, тарихи жадымызды сақтау. Шара барысында кітапханашы қатысушыларды Тәттімбет Қазанғапұлының өмірбаянымен таныстырып, оның күй өнерін дамытудағы орны, орындаушылық ерекшелігі мен композиторлық шеберлігі жайлы әңгімеледі. Белгілі күйшілердің орындауындағы домбыра күйлері тыңдалды. Шара аясында Тәттімбеттің өмірі мен шығармашылығына арналған кітаптар, ноталық жинақтар мен кітапхана қорынан алынған материалдар қойылған кітап-иллюстрациялық көрме ұйымдастырылды.