Д. Әбілев атындағы көпшілік кітапхана


Құрылған жылы: 1967

Байланыс телефоны: 60-49-52

Құрылымы: абонемент, оқу залы
Посмотреть на карте Павлодара

Кітапхана тарихы:

Кітапхананың негізі 1967 жылы құрылды. Алғашында кітапхана үшін ЖБИ-1 комбинатының әкімшілік ғимаратынан орын бөлген еді. Кейін біршама уақыт  пеносиликат зауытының шағын ғимаратында орналасты. 80 жылдар соңында кітапхана қалалық мәдениет бөлімінің қарауына беріліп, Кутузов көш., 36 мекенжайы бойынша орналасты («Баянауыл» кинотеатрының ауданы). 1991 жылы кітапхана Теплов көш., 38/2 мекенжайы бойынша № 3 балалар кітапханасының үй-жайына көшіп, осы күнге дейін аталмыш ғимаратта орналасқан.

Кітапхананың қызмет көрсету ауданы өндірістік аймақтан бастап Ломов көшесінен Дачный ауданына дейін және Усолька ауданы да кіреді. Оқырмандардың барлық санатына кітапхана үлкен таңдау мүмкіндігі бар түрлі тақырыптағы кітаптар ұсына алады. Кітапхана қызметкерлері қазақ және орыс тілдерінде ойын-сауық іс-шараларын өткізіп, реферат, курстық жұмыс және диплом жобалары бойынша материал іріктеуде кеңестер береді. Кітапхананың оқу залында Қазақстан тарихы, өлкетану, экология, әдебиеттану және т.б. бойынша тақырыптық папкалар бар. Қазақ және орыс тілдеріндегі жүйелі және алфавиттік каталогтар кітапхана қорынан қажетті әдебиеттер тауып алуға көмектеседі.

Мақсатты бағдарлама:

Кітапхана ұжымы «Туған жердің бұлағы» атты мақсатты кешенді бағдарлама бойынша жұмыс жасайды.

Мақсаттары: өлкетануға деген қызығушылықты қалыптастыру мен ынталандыру; ұлттық дәстүрлерді жаңғырту; белсенді азаматтық ұстанымды қалыптастыру.

Міндеттері: тарих, мәдениет және павлодарлықтар өнері бойынша өлкетану әдебиеттерін насихаттау; туған өлкеміздің атақты қайраткерлерінің өмірі мен шығармашылығымен оқып танысу; танымал жерлестерімізбен кездесулер.

Серіктестері: № 17, 24 ОМ педагогтары мен кітапханашылары; кітапхана активі

Клубтық қызметі:

Кітапхана жанынан зейнеткерлер үшін «Откровение» клубы жұмыс жасайды.

Міндеттері: халық дәстүрлерін сақтау мен насихаттау; отбасылық оқу дәстүрлерін жаңғырту.

Үстіміздегі жылдан бастап кітапханада жастар үшін «Мой красочный, волшебный край» шығармашылық кездесу кештері жұмысын бастады.

Міндеті: жастарды рухани мәдениетке, Қазақстанның танымал өкілдерінің әдеби және өнер туындыларымен танысуға тарту.

Комментарии запрещены.