«Кешкі кітапхана» жобасы аясында кітапхана қабырғасында «Көңілді ноталар»атты караоке — конкурсы өтті. Іс — шараға мектеп жанындағы лагерь балалары — С.Торайғыров атындағы ЖОББМ оқушылары қатысты.
Караокеде балалар әндері мен сүйікті балалар мультфильмдерінің әндері шырқалды. Балалардың қызықты бос уақытын ұйымдастыруға, өзара ынтымақтастықты қамтамасыз етуге, сондай-ақ балалардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға бағытталған іс-шара балалардың музыкалық қабілеттерін ашты. Іс-шараның барлық қатысушылары өздерін эстрада жұлдыздары сияқты сезінді.
Барлық қатысушылар мен көрермендерге жақсы көңіл-күй, сергектік пен позитивтілік қамтамасыз етілді.