11 наурыз күні №43 мектептің 8 сынып оқушыларына «Бір ел — бір кітап» акциясы аясында «Кітаппен кездесу» атты әдеби сағаты өткізілді. Балалар биыл жыл сайынғы республикалық акция аясында оқу үшін жанр бойынша екі автор ұсынылғанын білді: проза: көрнекті жазушы, ақын, сыншы және аудармашы Тәкен Әлімқұловтың шығармалары; поэзия: 2025 ж. меретой иесі, әйгілі ақын, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Жұмекен Нәжімеденовтың шығармалары. Оқушылар жазушылардың өмірі мен шығармашылығымен танысты, ақын Ж. Нәжмиденовтың өлеңдерін және жазушы Т. Алимкуловтың шығармаларынан үзінділер оқыды, «Бір дәуірдің екі дауысы» бейнеролигін тамашалады, көрмедегі кітаптарды қарап шықты.