2024 жылдың 19 сәуірінде «Өзің оқы және өзгені қызықтыр » жобасы аясында бейімдеу және оңалту орталығының тәрбиеленушілері үшін «Кітаппен дос болайық» атты әдеби-ойын бағдарламасы өтті. Балалар кітап әлеміне қызықты саяхат жасады: олар кітапханаға жазылуды үйренді. Балаларға кітапты қалай дұрыс таңдау керектігі туралы, кітапханадағы кітаптардың орналасу принципі туралы, әр кітаптың кітап шкафында өз орны бар, оны қай жерде сақтау керек, осы кітапты оқығысы келетін адам өз бетімен керек кітабын тауып ала алатыны туралы айтылды. Ойын-сауық бөлімінде біз әдеби ойындар ойнадық, мысалы: «Мақал-мәтелді толықтыр», «Кітап нені жақсы көреді», «Ертегінің атын қалпына келтір». Олар белсенді түрде жұмбақтарды тауып, ертегілер, мақал-мәтелдер жинап, балалар жазушыларының есімдерін атады.