7 маусымда жазғы демалыс кезінде «Кешкі кітапхана» жобасы аясында № 16 ЖОББМ мектеп жанындағы лагерінің оқушылары үшін балалардың жыл мезгілі — жаз туралы білімдерін кеңейту мақсатында «Кітапханадағы жазғы сағат» Интеллектуалды марафоны өткізілді. Кітапханашы жылдың жаз мезгілі балалардың ең сүйікті мезгілі екенін айтты; жазғы күнтізбенің әр күні қызық, өйткені жаздың әр күні қуаныш, демалыс, мереке болып табылады және «Жаз туралы» бейне-ролик тамашалады.. Әрі қарай бағдарламада: «Міне, біздің жазымыз», «Қызық болсаң, мынаны істе», «Мектепте сабақ береді» әндерін бірлесіп орындау; «Шапалақтау, қағу», «Иә-Жоқ», «Допты беру», «Ертегідегі қатені түзет» ойындары; «Жұмбақ құрастыр», «Жазғы жұмбақтар» сайыстары; «Көңілді жаз» викторинасы. Іс-шара соңында қатысушылар «Ертегілер әлемінде», «Ну-погоди» сериясының 16 шығарылымы) және «Жазда қонақта» мультфильмдерін тамашалады.