23 сәуірде Ұлттық кітапты мерекелеу аясында №18 мектеп кітапханасында 6 «Б» сынып оқушыларына арналған № 4 көпшілік кітапханасының ұйымдастыруымен «Кітап сарқылмас қазына» атты Kitap fest өткізілді. Шараға қонақ ретінде кітапханатану магистрі, «Қазақстан Республикасының Білім беру ісінің үздігі» Н. А. Колодина және № 18 ЖОББМ орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Ж. Ж. Сәтпаева қатысты. Іс-шараның басында Н. А. Колодина балаларды өзінің өмірбаянымен және шығармашылығымен таныстырды, бұдан әрі Павлодарлық суретші А. И. Колодинмен танысқан сәтінен және өзінің өмірі мен шығармашылығы туралы әңгімелеп берді, содан кейін: «Ұлдар мен қыздарға арналған гүлдер туралы жұмбақтар», «Қалай жақсы оқи білу керек!» атты тақырыптағы балалар кітаптарына шолу жасалды. Әрі қарай біздің Kitap fest Ж.Ж. Сәтбаева «Кітаптың адам өміріндегі рөлі» атты баяндамасымен жалғастырды. Кітапхана қонақтары оқыған кітаптарынан алған әсерлерімен бөлісті. Оқушылардың назарына кітап көрмесі ұйымдастырылды.