«Кемел суреткер келбеті»

2024 жылдың 17 қазан күні «35 жалпы орта білім беру мектебі» КММ Қазақстанның Халық жазушысы, Ұлы Отан соғысының ардагері, М.Шолохов атындағы халықаралық және Қазақстан Мемлекеттік сыйлықтарының лауреаты Әбдіжәміл Нұрпейісовтің туғанына 100 жыл толуына орай «Кемел суреткер келбеті» тақырыбында 8 сынып оқушыларына арналған әдеби сағат өтті. Кеш барысында кітапханашы жазушының өмірбаяны, шығармалары, әр жылдардағы еңбектері жөнінде мағлұмат берді. Оқушыларға «Алаштың абызы» атты бейнебаяны көрсетілді. Сонымен қатар, «Әбдіжәміл әлемі» кітап көрмесінде ұсынылған әдебиеттерімен танысты. Бұл әдеби сағат оқушылардың әдебиетке деген қызығушылығын арттырып, қазақ әдебиетінің көрнекті тұлғасы туралы тереңірек түсінік қалыптастыруға септігін тигізді.

Комментарии запрещены.