«Искусство вне времени»

24.11.2023 ж. Орталық қалалық кітапханасында график-суретші, педагог, Қазақстан Суретшілер Одағының мүшесі, ҚР-ның еңбек сіңірген қайраткері Виктор Федорович Поликарповтың 85 жылдығына арналған «Искусство вне времени» атты арт-кездесу кеші өтті. Аталмыш шарада қонақтар Виктор Поликарповтың өмірі мен шығармашылығымен танысты. ҚР Суретшілер Одағының мүшесі Виктор Поликарпов Павлодарда дүниеге келген. 1971 жылы Н. В. Гоголь атындағы Алматы көркемсурет училищесіне оқуға түсті. Виктор Поликарповтың жұмыстары көп қырлы деп атауға болады: графика, сәндік-қолданбалы өнер, пластик, ағаш ою, металл соғу және макраме әдістерін қолданған. Суретшінің жұмысы әлі күнге дейін қоғамдық ғимараттар мен кәсіптік мектептерді безендіреді. Суретшінің туындылары Австралия, Австрия, Германия, Канада, Ресей, АҚШ, Франция, Жапония елдеріндегі жеке жинақтарында сақтаулы. Виктор Поликарпов «Құрмет белгісі» орденімен және «Еңбектегі ерлігі үшін» медалімен марапатталған. 2010 жылы ақын Павел Васильев атындағы республикалық сыйлықтың лауреаты атанды, 85 жылдық  мерейтойына орай  вернисажда Виктор Поликарповқа ҚР Өнер Академиясының Алтын медалі табысталды. Аталмыш шараға суретшінің жұбайы Поликарпова Вера Ивановна, суретші, Қазақстан көркемөнер академиясының академигі, суретші  Шуранов Өсербай Аманжолұлы, суретші-кескіндемеші, ҚР Сүретшілер одағының мүшесі Беспалова Галина Яковлевна, Ш. Шокин атындағы мектеп — гимназиясының П. Васильев атындағы мұражай қызметкері  Баисова Галина Знайдановна, П. Васильев музей үйнің бас сақтаушысы Корешкова Татьяна Сергеевна, Д. П. Багаев   мұражай-үйі бөлімшесінің басшысы Шайдуллина Күләш Айдарқызы, Г. Потанин атындағы, Павлодар тарихи-өлкетану мұражайының табиғат, палеонтология және археология ғылыми-зерттеуді қамтамасыз ету бөлімінің басшысы Пересветов Георгий Юрьевич және Павлодар көркемсурет колледжінінің   студенттері шақырылды.  Іс-шарада Павел Васильевтің поэзиясына арналған «Родительница степь» цикліндегі суретші жұмыстарының көрмесі ұсынылды. Музыкалық нөмірлермен Ш. Шокин атындағы мектеп — гимназиясының «Әгугай» домбыра ансамблі  «Адай» мен «Балбырауын» күйі мен музыкалық колледжінің ІҮ-курс студенті Кирилл Шакуров «Япурай», «Однажды в ноябре» гитарадағы шығармаларымен өнер көрсетті.

 

Комментарии запрещены.