«Халықтың қазынасы — туған тіл»

5 қыркүйек күні Қазақстан халқы тілдері күніне орай №43 мектептің 2-сынып оқушыларына «Халықтың қазынасы — туған тіл» атты әдеби сағат өткізілді. Балалар бұл мерекенің атақты ғалым, ағартушы, қазақ тіл білімінің негізін салушы Ахмет Байтұрсынұлының туған күнінде атап өтілетінін білді. Балалар «Менің Қазақстаным» викторинасының сұрақтарына жақсы жауап берді, «Аудармашылар» байқауына қатысып, «Тіл – халықтың жаны» атты әдеби монтаж дайындап, қазақ және ағылшын тілдерін меңгергендіктерін көрсетті. Шара соңында оқушылар тілдер мен мәдениеттер бірлігі – мемлекетіміздің күші, күш-қуатымыз – татулық пен достықта, бірлік пен мейірімділікте – еліміздің болашағы осында құрылады деген қорытындыға келді.

Комментарии запрещены.