18 қараша күні Павлодар ауылының көпшілік кітапханасында жазушы Бейімбет Майлиннің 130 жылдығына орай «Халықпен туған дарын талант» атты әдеби-тарихи кеш өтті. Шара ХХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің жарқын өкілдерінің бірінің өмір жолы мен шығармашылық мұрасын дәріптеу мақсатында ұйымдастырылды. Кешке жазушының өмірі мен шығармашылығымен танысуға келген мектеп оқушылары, студенттер және ауыл тұрғындары жиналды. Кеш барысында жүргізушілер Бейімбет Майлиннің өмірбаянымен, қарапайым халықтың құқығы үшін күрескенімен, қазақ әдебиетінің дамуына қосқан үлесімен көпшілікті таныстырды. Кітапханада көрме ұйымдастырылып, Бейімбет Майлиннің өмірі мен шығармашылығына қатысты кітаптар, фотосуреттер мен құжаттар қойылды.