30 қараша күні №4 балалар кітапханасының кітапханашылары мен №43 орта мектептің кітапханашысы Т.Ю. Шувалова 5 сынып оқушылары үшін Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне орай «Халықпен бірге» тарих сағатын өткізді. Шара барысында «Біздің Президентіміз» атты көрме ұйымдастырылды. Кітапханашы Н.К. Мухутдинова мерекелік оқиғаға қысқаша тоқталып өтті. Кеңес Одағының ыдырағаннан кейін 1991 жылы бірінші жалпыұлттық сайлаудың қорытындысы бойынша, сайлаушылардың 98,7%-ы қолдауымен Тәуелсіз Қазақстанның Тұңғыш Президенті атанды. «Жас журналист» үйірмесінің мүшелері қатысушыларды Президенттің өмірбаянымен таныстырды. Балалар еліміздің тұрмысы қаншалықты қиын болғанын еске түсіріп , Елбасымыздың қолдауымен, тәуелсіз мемлекет құрылуына көп күш жұмсағаны туралы әңгімеледі. Балалар мектеп кітапханашы Т.Ю. Шувалованың «Самое важное о Президенте» тақырыбында дайындаған слайд-презентациясын тамашалады. «Менің елімнің көшбасшысы» викторинасына белсенді қатысып, «Біздің Президентіміз» атты кітап көрмесімен танысты. Президенттің өзі жазған кітаптарға шолу жүргізілді.
Біздің Президентіміздің еңбегі зор және маңызды. Қазіргі Қазақстанның жетістіктері Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың арқасында. Қатысқан: 115 адам.