«Халық жүрегіндегі ақын»

12 ақпан күні Мәшһүр Жүсіп атындағы жалпы орта білім мектептің 8-сынып оқушыларына қазақтың көрнекті ақыны Мұқағали Мақатаевтың 95 жылдығына орай «Халық жүрегіндегі ақын» поэзия сағаты өткізілді. Іс-шара барысында оқушылар ақынның өмірі мен шығармашылық мұрасымен танысты. Балалар оның өлеңдері мен поэмаларынан үзінділер оқып, барлығы бірге «Есіңе мені алғайсың» әнін орындады. Одан әрі оқушылар сұрақ–жауап ойнына қатысып, сұрақтарға белсенді түрде жауап беріп, өз білімдері мен қызығушылықтарын көрсетті. Сонымен қатар қатысушылар назарына «Қазақтың мұзбалақ ақыны Мұқағали» бейнефильм көрсетіліп іс-шара соңында «Әр өлеңі – бір әлем» кітап көрмесіне шолу жасалды.

 

Комментарии запрещены.