26 маусым күні Бұқаралық ақпарат құралдары күнін мерекелеу аясында «Балалық шақ аралы» мектеп жанындағы лагерінде «Халық радиосының» радиожүргізушісі, «ҚР Журналистика үздігі» белгісінің иегері Әсемгүл Наурызбайқызы Аманқұловамен кездесу өтті. Іс-шара жылы атмосферада өтті. Қонақ өзінің кәсіби жолы, қазіргі жағдайдағы журналистика жұмысының ерекшеліктері, объективті ақпараттың маңыздылығы және қоғам алдындағы жауапкершілік туралы айтып берді. Балалар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, әрі қарай « БАҚ туралы не білеміз?» атты шағын-викторина ойнатылды. Өткізілген кездесуден балалар журналист мамандығы және қоғам өміріндегі БАҚ рөлі туралы білімдерін арттырды.