«Ғұмырлы өмір»

13 қараша күні М. Жаманбалинов атындағы орталық балалар кітапханасында балалар ақыны, Қазақстанның құрметті журналисі, Ертіс ауданының Құрметті азаматы, «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» және «ҚР еңбек сіңірген мәдениет қайраткері» медальдарының иегері Мүбарак Кәрімұлы Жаманбалиновтың 100 жылдығына арналған «Ғұмырлы өмір» еске алу кеші өтті. Қонақтардың назарына кітапхана қорынан «Балалар әдебиетінің бәйтерегі» атты кітап көрмесі ұсынылды. Іс-шара балалар жазушысының өмірі мен қызметі туралы баяндайтын «Шалқар шабыт» бейнеролигін көруден және кітапханашының әңгімесімен басталды. Одан әрі қонақтар сөз сөйледі: ұлы Талап Жаманбалинов; ақын Шолпан Байғалы; балалар ақыны Серік Сатыбалдин, олар мерейтойлық жазушы туралы естеліктерімен бөлісті. Қатысушылар Мүбәрактың дауысы жазылған бірегей бейнені көрді, онда ол туған өлкеге, қазақ халқының тілі мен дәстүрлеріне, адамдар мен істерге деген сүйіспеншілік туралы айтты. Еске алу кеші кітап көрмесіне шолу жасаумен, Павлодар мектептерінің бастауыш сынып оқушылары арасында өткен қалалық «Жаманбалинов оқулары» мәнерлеп оқу байқауы жеңімпаздары мен М.Жүсіп атындағы ЖОББМ оқушыларының музыкалық нөмірлерімен өнер көрсетуімен жалғасты. Осы іс –шараның сюжеті мен Жаманбалиновтың ұлымен сұхбат облыстық «Ертіс-Павлодар» телеарнасында көрсетіледі. Соңында кітапхана басшысы еске алу іс-шарасына қатысқаны үшін туыстары мен қонақтарға ризашылығын білдіріп, балаларға алғыс хаттар табыс етті.

Комментарии запрещены.