Гүлдер карнавалы

2025 жылдың 5 тамыз күні  №4 көпшілік кітапханасында балалардың шығармашылығын қолдау мақсатында «Гүлдер карнавалы» атты жазғы сурет байқауы өтті. Шара барысында бүлдіршіндер өз қиялындағы жарқын гүлдерді қағаз бетіне түсіріп, жаздың шуақты көріністерін бейнелеуге тырысты. Әрбір бала табиғат пен сұлулыққа деген өз көзқарасын сурет арқылы жеткізе білді.

Байқау соңында қатысушыларға алғыс білдіріліп, шағын сыйлықтар мен тәттілер тарту етілді. Бұл шара балаларға қуаныш пен шабыт сыйлап қана қоймай, олардың эстетикалық танымын кеңейтті.

Комментарии запрещены.